ҚАРАҒАНДЫДА «ҚАРАҒАНДЫ ҰН КОМБИНАТЫ» ЖШС-НЕ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛІП, ҰЖЫМҒА СЕМИНАР ӨТТІ
Жаңалықтар

05.03.2026

Қарағанды

65

ҚАРАҒАНДЫДА «ҚАРАҒАНДЫ ҰН КОМБИНАТЫ» ЖШС-НЕ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛІП, ҰЖЫМҒА СЕМИНАР ӨТТІ

Қарағанды қаласында «Қарағанды ұн комбинаты» ЖШС кәсіпорнында «Халал Даму» стандарты талаптарына сәйкес жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді.

Аудит барысында кәсіпорындағы өндіріс үдерісі, қолданылатын шикізаттардың халал талаптарына сәйкестігі және санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы тексерілді. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарт талаптарын түсіндіру мақсатында арнайы семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында халал өнім өндірудегі негізгі талаптар, өндіріс барысында шариғат қағидаларын сақтау және тұтынушыларға ұсынылатын өнімнің сапасы мен тазалығы туралы кеңінен айтылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан жауап алды.

Аталған аудит және семинар жұмыстарын жергілікті өкіл Амангелді Асқаров пен «Халал Даму» мамандары Жанат Ахметқызы және Гүлмира Маратқызы бірлесіп өткізді.

Телефон WhatsApp