ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА «РАМАЗАН СЫЙЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ СЕБЕТТЕРІНЕ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

08.03.2026

Орал

54

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА «РАМАЗАН СЫЙЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ СЕБЕТТЕРІНЕ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

Орал қаласында «Рамазан сыйы» акциясы аясында мұқтаж отбасыларға таратылатын қайырымдылық себеттеріне тексеріс жүргізілді.

Тексеру барысында себеттерге салынған азық-түлік өнімдерінің халал талаптарына сәйкестігі, сапасы және сақтау шарттары қарастырылды. Аудит жұмыстары «Халал Даму» мекемесінің мамандары тарапынан жүзеге асырылды.

Аталған шараның мақсаты – Рамазан айында мұқтаж жандарға ұсынылатын тағамдардың адал әрі сапалы болуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, қайырымдылық көмектерінің халал талаптарына толық сәйкес келуіне ерекше назар аударылды.

Телефон WhatsApp