АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ «ПЕРВОМАЙСКИЕ ДЕЛИКАТЕС» ШҰЖЫҚ ЦЕХЫНДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

12.03.2026

Алматы облысы

76

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ «ПЕРВОМАЙСКИЕ ДЕЛИКАТЕС» ШҰЖЫҚ ЦЕХЫНДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алматы облысы Іле ауданында орналасқан «Первомайские деликатес» шұжық өндіру цехында халал стандарттарының сақталуын бақылау мақсатында жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді.

Аудит барысында кәсіпорынның өндірістік кезеңдері толық қамтылып, шикізатты қабылдау, өнімді өңдеу, сақтау, тасымалдау және дайын өнімді таңбалау процестері жан-жақты тексерілді. Сонымен қатар өндіріс орнындағы санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы, қызметкерлердің жеке гигиенасы, құрал-жабдықтардың тазалығы мен халал талаптарына сәйкестігі бақылаудан өтті.

Тексеру кезінде қолданылатын ингредиенттердің құжаттамалары қаралып, олардың халал талаптарына сәйкестігі сарапталды. Өндірістегі ішкі бақылау жүйесінің жүргізілуі мен технологиялық тәртіптің сақталуына да ерекше назар аударылды.

Аталған аудит жұмыстарын «Халал Даму» мамандары мен жергілікті жауапты мамандар бірлесіп жүргізді. Аудит нәтижесінде кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарын жетілдіру, өндірістік бақылауды күшейту және талаптарды тұрақты сақтау бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді.

Мұндай аудит жұмыстары тұтынушыларға ұсынылатын өнімнің халал талаптарына сай болуын қамтамасыз етуге және кәсіпорындарда адал өндіріс мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Телефон WhatsApp