16.03.2026
Қостанай
57
Қостанай қаласында орналасқан «4 Sezona» донер-бургер дәмханасына «Халал Даму» куәлігі табысталды. Куәлікті облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы арнайы, кәсіп иелеріне табыс етті.
Аталған дәмхана «Халал Даму» стандарты талаптарына сәйкес тексерістен өтіп, халал талаптарының сақталуы бойынша оң қорытынды алды. Тексеру барысында өнімдердің құрамы, дайындалу процесі, шикізаттың халалдығы және асхананың санитарлық жағдайы толықтай қарастырылды.
Куәлік табыстау барысында Бас имам адал өнім ұсынудың маңыздылығына тоқталып, кәсіп иелеріне жұмыстарына береке тіледі. Сонымен қатар, халыққа сапалы әрі халал тағам ұсыну – қоғам үшін маңызды екендігін атап өтті.