16.03.2026
Атырау
25
Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бірқатар қоғамдық тамақтану орындарына «Халал Даму» куәлігін табыстады.
Атап айтқанда, «Granat» қоғамдық тамақтану орнына жаңа халал куәлік берілді. Сонымен қатар «Шах Et» ет дүкені халал талаптарына сай қызметін жалғастырып, куәлік жаңартты.
Куәлік табыстау барысында бас имам халал өнім ұсыну – тұтынушылар сенімін арттырып қана қоймай, адал кәсіп жүргізудің маңызды қағидаларының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ кәсіпкерлерді шариғат талаптарына сай қызмет көрсетуге шақырып, адалдық пен жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталды.
Айта кетейік, «Халал Даму» куәлігі тағам өнімдерінің дайындалуы мен сатылуы шариғат талаптарына сай жүргізілетінін растайды.