ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «АҚСУҚАНТ» ЖШС-НЕ ХАЛАЛ КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

01.04.2026

Жетісу облысы

127

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «АҚСУҚАНТ» ЖШС-НЕ ХАЛАЛ КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жетісу облысы, Ақсу ауданында орналасқан «АқсуҚант» ЖШС кәсіпорнына халал стандарты талаптарына сәйкестігін растайтын куәлік табысталды.

Куәлікті облыстың бас имамы Даутов Сәрсенбайұлы зауыттың бас директоры Макет Жақпарұлына салтанатты түрде тапсырды.

1967 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келе жатқан зауыт өңірдегі ірі өндіріс орындарының бірі саналады. Қазіргі таңда кәсіпорында 650 қызметкер еңбек етеді. Кәсіпорын жылына шамамен 100 мың тонна қант өндіреді.

Аудит нәтижесіне сәйкес, зауыттағы өндірістік үдерістер халал талаптарына толықтай сай ұйымдастырылғаны анықталды. Кәсіпорын өнім өндірісінде халал стандарттарының барлық қағидаларын сақтай отырып жұмыс атқарады.

Телефон WhatsApp