01.04.2026
Алматы
110
Алматы қаласында «Халал Даму» мекемесінің мамандары тарапынан қоғамдық тамақтану орындары мен өндіріс кәсіпорындарында жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілуде.
Тексеру барысында кәсіпорындардың халал стандарты талаптарын сақтау деңгейі, шикізаттың тазалығы, өнім дайындау үдерісі, сақтау шарттары және санитарлық талаптардың орындалуы жан-жақты қарастырылуда.
Аудиттің негізгі мақсаты — тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің халал талаптарына толық сәйкес болуын қамтамасыз ету және кәсіпорындардағы халал жүйесінің тұрақты сақталуын бақылау.
Аудит жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.