03.04.2026
Ақтау
112
Ақтау қаласында халал стандарты талаптарына сәйкестігін растаған бірқатар тамақтану орындарына «Халал Даму» куәлігі табысталды. Атап айтқанда: “Kitsu Rolls”, “Makione_munaily”, “DuDu Chicken”.
Тексеру барысында аталған кәсіпорындардың тағам дайындау үдерістері, қолданылатын шикізат көздері, сақтау шарттары мен санитарлық талаптардың сақталуы жан-жақты қаралды. Өндіріс орындарының жұмысы халал стандарт талаптарына сәйкес екені анықталып, оң қорытынды берілді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлерге халал талаптарын тұрақты сақтау, өндірістік бақылауды күшейту және тұтынушыларға сапалы әрі адал өнім ұсыну бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік ұсыныстар берілді.