06.04.2026
Алматы облысы
77
Алматы облысы, Іле ауданында орналасқан «Алель Агро» құс фабрикасының қасапшыларына арналған семинар өткізілді.
Семинар барысында халал стандартының талаптары, құсты шариғат талаптарына сай сою тәртібі, өндірістегі санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар мамандар тарапынан тәжірибелік түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берілді.
Іс-шара қорытындысында кәсіпорынға халал талаптарына сәйкестігін растайтын куәлік табысталды.