06.04.2026
Шымкент
82
Шымкент қаласында орналасқан «Каусар» кондитерлік цехында, «Jolly Molly» цехында және «Argynbektegi Doner» тамақтану орнында жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында өндіріс және ас дайындау үдерістерінің халал талаптарына сәйкестігі, пайдаланылатын шикізаттардың құжаттары, сақтау шарттары мен санитарлық талаптардың орындалуы бақылаудан өтті.
Аудит нәтижесінде кәсіпорындарға халал стандарт талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсыныстар берілді. Тексеру қорытындысы бойынша нәтижелері оң деп бағаланды.