08.04.2026
Тараз
57
Жамбыл облысы, Тараз қаласында орналасқан бірқатар қоғамдық тамақтану орындарында жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Chef Star», «RAF», «Adal Chicken», «Pak Sushi», «Maki Maki», «Doner na Abaya», «Salam Bro», «Lanzhou», «Nauat» және «Al-Kausar» дәмханалары тексерістен өтті.
Аудит барысында тағам дайындау үдерістері, қолданылатын шикізаттардың халал стандарты талаптарына сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы және өндірістік бақылау жүйесі жан-жақты қаралды. Мамандар тарапынан кәсіпорын қызметкерлеріне халал талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсынымдар берілді.
Тексеру нәтижесінде кәсіпорындардың қызметі бақылауға алынып, халал стандарт талаптарын тұрақты сақтау қажеттілігі ескертілді.