ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОСПАРЛЫ АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

08.04.2026

Түркістан облысы

242

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОСПАРЛЫ АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы аумағында халал стандарты талаптарының сақталуын бақылау мақсатында бірқатар кәсіпорындар мен қоғамдық тамақтану орындарында жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді.

Аудит барысында төмендегі нысандар тексерістен өтті: «Қарқын-2030» ЖШС, «Балмұздақ» ЖШС, «Каусар» шайханасы, «Chak-Chak» шайханасы, «Maki-Maki Абай»,  «Maki-Maki Сарыағаш», сондай-ақ «Maki-Maki Ленгер» тамақтану орындары.

Тексеру кезінде өндіріс үдерістері, шикізаттың халал талаптарына сәйкестігі, тағам дайындау және сақтау шарттары, санитарлық-гигиеналық нормалардың орындалуы бақылаудан өткізілді. Аудит нәтижесінде кәсіпорындарға тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, халал стандарт талаптарын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.

Телефон WhatsApp