АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА «SAMAL CAKES» КОНДИТЕРЛІК ЦЕХЫ МЕН «ИЗЮМ» ДӘМХАНАСЫ КУӘЛІКТЕРІН ЖАҢАРТТЫ
Жаңалықтар

20.04.2026

Ақтөбе

45

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА «SAMAL CAKES» КОНДИТЕРЛІК ЦЕХЫ МЕН «ИЗЮМ» ДӘМХАНАСЫ КУӘЛІКТЕРІН ЖАҢАРТТЫ

Ақтөбе қаласында орналасқан «Samal Cakes» кондитерлік цехы Халал стандарт талаптарына сәйкестігін растап, куәлігін жаңартты. Кәсіпорында өндіріс үдерістері, қолданылатын шикізаттар мен технологиялық талаптар жан-жақты тексеріліп, шариғат талаптарына толық сәйкес келетіні анықталды.

Сонымен қатар, «Изюм» дәмханасы да кезекті тексерістен өтіп, Халал куәлігін қайта жаңартты. Тексеру барысында ас дайындау үдерісі, өнімдердің құрамы және санитарлық талаптардың сақталуы назарға алынды.

Аталған кәсіпорындар Халал талаптарын тұрақты түрде сақтап, тұтынушыларға сапалы әрі сенімді өнім ұсынуды жалғастыруда.

Телефон WhatsApp