БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА «ХАЛАЛ ДАМУ» БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Жаңалықтар

20.04.2026

БҚО

47

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА «ХАЛАЛ ДАМУ» БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық мешітінде «Халал Даму» бағыты аясында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға мешіт жамағаты, мешіт ақсақалдары және жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Семинар барысында «Халал Даму» бөлімінің қызметі кеңінен таныстырылып, халал стандарттары мен шариғат талаптары жан-жақты түсіндірілді. Қатысушыларға халал өнім өндіру мен қызмет көрсетудегі негізгі талаптар баяндалып, күнделікті өмірде кездесетін өзекті мәселелер төңірегінде ақпарат берілді.

Сонымен қатар, жиын барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылып, өзара пікір алмасу жүргізілді.

Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, естелік суретке түсті.

Телефон WhatsApp