ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Жаңалықтар

21.04.2026

Өзбекстан, Ташкент

73

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында орналасқан “Tanho” майонез және кетчуп өнімдерін өндіруші кәсіпорнында «QMDB HALAL» мамандары тарапынан жоспарлы аудит жұмыстарын бастады.

Аудит барысында өндіріс үдерістері, қолданылатын шикізаттар, қоспалар және дайын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты тексерілді. Сонымен қатар, кәсіпорынның санитарлық-гигиеналық жағдайы мен өндірістік бақылау жүйесіне де ерекше назар аударылды.

Тексеру нәтижесінде кәсіпорын өкілдеріне бірқатар ұсыныстар мен ескертулер беріліп, халал стандарт талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Телефон WhatsApp