25.04.2026
Өзбекстан, Ташкент
45
ООО «Alfa MIX» кәсіпорнында шұжық, кириешки және снэк өнімдеріне арналған тағамдық қоспалар өндіру цехында жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді.
Аудит барысында өндірістік үдерістер толық зерделеніп, қолданылатын шикізаттар мен қоспалардың құрамы, сақтау шарттары және технологиялық талаптардың сақталуы тексерілді. Сонымен қатар, өндіріс орнындағы санитарлық-гигиеналық жағдайлар мен халал стандарттарының орындалу деңгейіне ерекше назар аударылды.
Тексеру нәтижесінде кәсіпорын өкілдеріне анықталған жайттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, халал талаптарына сәйкестікті арттыру мақсатында тиісті ұсыныстар берілді.
Аталған аудит жұмыстары халал өнім өндірісінің ашықтығын қамтамасыз етуге және тұтынушылар сенімін арттыруға бағытталған.