27.04.2026
Шымкент
59
Шымкент қаласындағы «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінде «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – халал ұғымының мәнін кеңінен түсіндіру және шариғат талаптарына сай өмір сүру мәдениетін насихаттау.
Семинарды технолог Аружан Маратқызы жүргізіп, халал стандарттардың негізгі қағидалары, тағам өндірісіндегі шариғи талаптар, рұқсат етілген және тыйым салынған өнімдер туралы кеңінен түсіндірме берді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде халал өнімді таңдаудың маңыздылығы да атап өтілді.
Іс-шара барысында мешіт жамағаты мен қала тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Мұндай танымдық семинарлар алдағы уақытта да жалғасын табады.