«ВОСТОК МОЛОКО» СҮТ ФАБРИКАСЫНДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Жаңалықтар

28.04.2026

Өскемен

26

«ВОСТОК МОЛОКО» СҮТ ФАБРИКАСЫНДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Өскемен қаласында орналасқан «Восток Молоко» сүт фабрикасында жоспарлы айлық аудит жұмыстары жүргізілуде. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог маман Гүлмира Марат және эксперт-аудитор Айтмұқан Айтқожаұлы жүзеге асырып жатыр.

Аудит барысында кәсіпорында өндірілетін сүт өнімдерінің халал стандарттарына сәйкестігі жан-жақты тексерілді. Атап айтқанда, шикізатты қабылдау, өңдеу, сақтау және қаптау кезеңдері толық бақылаудан өтті. Сонымен қатар, өндірісте қолданылатын қосымша ингредиенттердің (ашытқылар, ферменттер, стабилизаторлар) халал талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударылды.

Тексеру нәтижесінде кәсіпорынның халал стандарт талаптарын сақтап отырғаны анықталды. Сонымен бірге, өндірістік үдерістерді одан әрі жетілдіру мақсатында бірқатар ұсыныстар берілді. «Халал Даму» мамандары тарапынан қызметкерлерге халал талаптары бойынша қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өнім сапасын арттыруға бағытталған кеңестер ұсынылды.

 

Телефон WhatsApp