30.04.2026
Қарағанды
30
Қарағанды қаласында бірқатар қоғамдық тамақтану және өндіріс орындарында жоспарлы аудит жұмыстары өткізілді. Атап айтқанда, Aiza, Tau, Anashim Pisirdi, Janelle, Uskudar, Dala, Turan Eli, Erkelet Buket, Karak Home, Dam You, Firdaus, Tagam, Shaurma Haus, Kungei Food, Baurdak, Maki-Maki, Don Rido, Doner Klab, Master Kofe нысандары қамтылды.
Аудит жұмыстарын «Халал Даму» мекемесінің Қарағанды облысы бойынша жергілікті өкілі Амангелді Асқаров және технолог Айжан Омарова жүргізді.
Тексеру барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізаттардың сапасы мен қауіпсіздігі, сондай-ақ халал талаптарының сақталу деңгейі жан-жақты бақылаудан өтті. Сонымен қатар, қызметкерлерге халал стандартына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қорытындысында нысандарға тиісті ұсыныстар беріліп, алдағы уақытта талаптарды қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.