30.04.2026
ШҚО
53
ҚМДБ жариялаған «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Өскемен қалалық «Әл-Фараби» мешітінде имамдарға арналған «Халал – аманат пен адалдық жолы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бас имамы Думан Нәдірұлы мен «Халал Даму» ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлы қатысты.
Семинар барысында халал стандарттарын сақтау, адал кәсіп пен табыс табу, қоғамдағы сенім мен жауапкершілікті нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Семинар аясында қатысушыларға халал стандарттарының талаптары, сертификаттау тәртібі және күнделікті қызметте кездесетін өзекті мәселелер бойынша нақты түсіндірмелер берілді.