ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ҚАСАПШЫЛЫҚ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Жаңалықтар

08.05.2026

Жетісу облысы

27

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ҚАСАПШЫЛЫҚ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Жетісу облысы, Панфилов ауданында жергілікті жамағат арасында қасапшылық бағытында арнайы семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараны Жетісу облысының бас имамы Керімбек қажы Сәрсенбайұлы және Жетісу облысы бойынша «Халал Даму» мекемесінің жауапты маманы Мұхамет Ордыбай жүргізді.

«Адал ас – мұсылман өмірінің берекесі» тақырыбында өткен семинар барысында қатысушыларға халал тағамның маңызы мен шариғат талаптарына сай қасапшылық жасау қағидалары кеңінен түсіндірілді.

Семинар қорытындысында «QMDB HALAL» тарапынан қасапшылық бойынша 14 куәлік пен арнайы мөр табысталды.

Телефон WhatsApp