АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕШІТІНДЕ ҚҰРБАН АЙТҚА БАЙЛАНЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Жаңалықтар

19.05.2026

Атырау

37

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕШІТІНДЕ ҚҰРБАН АЙТҚА БАЙЛАНЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Атырау облыстық орталық мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай арнайы семинар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында құрбан шалудың шариғаттағы үкімі, малға қойылатын талаптар, санитарлық тазалық пен халал талаптарын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Семинарға мешіт қызметкерлері мен дін мамандары қатысып, Құрбан айт кезінде атқарылатын жұмыстардың тәртібі талқыланды. Сонымен қатар, тұрғындардың діни сауатын арттыру және құрбандық рәсімін дұрыс ұйымдастыру бағытында маңызды ақпараттар берілді.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, мереке күндеріндегі жауапкершілік пен тәртіп мәселелері ерекше атап өтілді.

Телефон WhatsApp