20.05.2026
Алматы облысы
97
Құрбан айт мерекесі қарсаңында Алматы облысы Қарасай ауданында құрбандық шалуға арналған қасапханаларда тексеріс жұмыстары жүргізілді.
Тексеріс барысында мал сою орындарының санитарлық жағдайы, халал талаптарының сақталуы, қасапшылық әдебі мен шариғатқа сай мал сою тәртібі назарға алынды. Сонымен қатар қасапшыларға Құрбан айт кезінде қызмет көрсету тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.