20.05.2026
Алматы
126
Алматы қаласында бірқатар кәсіпорындарға «QMDB HALAL» куәлігі табысталды.
Атап айтқанда, ЖК «Жумадилова», ЖК «Жаксылык», ЖШС «Көктем Снаб» және ЖШС «Tengri Milk» кәсіпорындары халал стандарты талаптарына сәйкестік негізінде арнайы сертификатқа ие болды.
Куәлік табыстау барысында кәсіпорын өкілдеріне халал өндіріс талаптарын тұрақты сақтау мен тұтынушылар сенімін арттырудың маңыздылығы түсіндірілді.