21.05.2026
Ақтөбе
109
Ақтөбе қаласында Құрбан айт мерекесіне дайындық аясында бірқатар қасапханаларға жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында мал сою орындарының санитарлық тазалығы, халал талаптарының сақталуы, құрал-жабдықтардың талапқа сәйкестігі және мал сою үдерісінің шариғат нормаларына сай орындалуы назарға алынды. Сонымен қатар, жауапты мамандар тарапынан қасапшыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, халал талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Аталған бақылау жұмыстары Құрбан айт кезінде тұрғындарға шариғат талаптарына сай әрі сапалы қызмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды.