21.05.2026
БҚО
117
Батыс Қазақстан облысында халал стандарты бойынша бірқатар кәсіпорындарға жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді.
Аудит жұмыстары «Халал Даму» маманы Омарова Айжан және жергілікті өкіл Асхат Асылбеков тарапынан жүргізілді.
Атап айтқанда, Орал сүт зауыты ЖШС, Приуралье шұжықтары ЖШС, Ет өнімі ЖШС және Жастық агрокешені ЖШС кәсіпорындарының өндіріс үдерістері, шикізаттары мен халал талаптарының сақталу деңгейі тексерілді.
Тексеру барысында өндірістегі тазалық нормалары, өнім құрамдары және технологиялық үдерістердің шариғат талаптарына сәйкестігі назарға алынды. Сонымен қатар, кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарын тұрақты сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.