22.05.2026
Шымкент
121
Шымкент қалалық мешітінде жаңадан QMDB HALAL куәлігін алған «Сұлтан Ай» ЖШС-нің сүт өнімдеріне халал куәлігі табысталды.
Іс-шара барысында жұма намазына жиналған жамағатқа мал союдың шариғаттағы талаптары кеңінен түсіндіріліп, халал талаптарын сақтау жөнінде арнайы ақпараттық анықтамалар таратылды.
Түсіндіру жұмыстары барысында мал сою кезінде шариғат талаптарын сақтау, «Бисмиллә» айту, жануарға ізгілік таныту және халал өнімнің маңыздылығы жөнінде насихат айтылды.
Мұндай шаралар халық арасында халал мәдениетін қалыптастырып, тұтынушыларға сенімді әрі шариғатқа сай өнім ұсынудың маңызын арттыруға бағытталған.