02.06.2026
Жетісу облысы
118
Жетісу облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы өңір имамдарымен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Халал Даму» мекемесінің бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстары кеңінен таныстырылып, халал стандарттарын дамыту, бақылау-қадағалау жұмыстарын күшейту және сертификаттау бағытындағы негізгі жетістіктер баяндалды.
Сондай-ақ жиында алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен бастамалар таныстырылып, халал саласын дамытудағы өзекті мәселелер талқыланды. Имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өңірлердегі халал бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығы айтылды.
Кездесу соңында Айбек Асқарбекұлы халал тұтыну мәдениетін қалыптастыру, халыққа дұрыс ақпарат жеткізу және халал стандарттарының талаптарын сақтау бағытында бірлескен жұмыстың маңызына тоқталып, имамдарға алғысын білдірді.
Айта кетейік, мұндай кездесулер елімізде халал индустриясын дамытуға, тұтынушылардың сенімін арттыруға және халал талаптарының кеңінен насихатталуына оң ықпал етеді.