АҚТӨБЕДЕГІ «РОКОС КО» ЖШС ШҰЖЫҚ ЦЕХЫНДА БАҚЫЛАУ-ҚАДАҒАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

02.06.2026

Ақтөбе

72

АҚТӨБЕДЕГІ «РОКОС КО» ЖШС ШҰЖЫҚ ЦЕХЫНДА БАҚЫЛАУ-ҚАДАҒАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ақтөбе қаласында орналасқан «РОКОС Ко» ЖШС-нің шұжық өндіру цехында халал талаптарының сақталуына қатысты бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында өндіріс процесі, қолданылатын шикізаттар мен қосалқы ингредиенттер, өнімнің дайындалу кезеңдері және санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы зерделенді. Сондай-ақ кәсіпорынның ішкі құжаттамалары қаралып, халал стандарттарының талаптарына сәйкестігі бағаланды.

Бақылау-қадағалау жұмыстарын «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жергілікті технологы Ақмаржан Ержанқызы жүргізді. Тексеру барысында кәсіпорын өкілдеріне халал өндіріс талаптарын сақтау бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бірқатар ұсыныстар берілді.

«Халал Даму» мекемесі халал сертификатына ие кәсіпорындарда тұрақты түрде бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің халал талаптарына сай болуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда.

Телефон WhatsApp