02.06.2026
Алматы облысы
70
Алматы облысы, Талғар қаласында орналасқан «Malina_desserts» кондитерлік цехында халал талаптарының сақталуына қатысты аудит жұмыстары жүргізілді.
Аудит барысында кәсіпорынның өндірістік үдерістері, пайдаланылатын шикізаттар мен ингредиенттердің құрамы, сақтау шарттары, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы және ішкі құжаттамалары жан-жақты тексерілді. Сонымен қатар, өндірісте қолданылатын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударылды.
Тексеру жұмыстары барысында кәсіпорын басшылығымен кездесіп, халал стандарттарының талаптарын сақтау, өндіріс барысын жетілдіру және тұтынушыларға сапалы әрі сенімді өнім ұсыну мәселелері талқыланды.
«Халал Даму» мекемесі халал куәлігін алған кәсіпорындарда тұрақты түрде аудит және бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, халал индустриясының дамуына өз үлесін қосып келеді.