08.06.2026
Алматы
58
Алматы қаласы мен Алматы облысында «Халал Даму» мамандары тарапынан жоспарлы бақылау-қадағалау және тексеріс жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар аясында ЖШС «Global Retail», ЖШС «Назик и К», Tagam Кунаева, Tagam Панфилова, Tagam Қалдаяқова және Coffee Original Қалдаяқов нысандарында тексеріс жүргізілді.
Тексеру барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізаттар мен өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық жағдайы және ішкі құжаттамалары зерделенді.
Жоспарлы аудит жұмыстарын «Халал Даму» мамандары Есіркеген Жансая мен Жексембай Айжан жүргізді.
«Халал Даму» ұйымы халал стандарттарының сақталуын тұрақты бақылауда ұстап, тұтынушыларға ұсынылатын өнімдер мен қызметтердің сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.