ПХБК НАН ӨНІМДЕРІ КОМБИНАТЫНЫҢ «QMDB HALAL» КУӘЛІГІ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Жаңалықтар

08.06.2026

Петропавл

83

ПХБК НАН ӨНІМДЕРІ КОМБИНАТЫНЫҢ «QMDB HALAL» КУӘЛІГІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында орналасқан «ПХБК» нан өнімдері комбинатының «QMDB Halal» куәлігі жаңартылды.

Куәлікті жаңарту аясында «Халал Даму» мамандары кәсіпорында жоспарлы аудит жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында өндірістік үдерістер, қолданылатын шикізаттар мен қоспалардың құрамы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, сондай-ақ дайын өнімдерді сақтау және өткізу шарттары жан-жақты сараланды.

Аудит нәтижесінде кәсіпорын қызметінің халал стандарт талаптарына толық сәйкес келетіні анықталып, «QMDB Halal» куәлігінің мерзімі ұзартылды.

«Халал Даму» мамандары алдағы уақытта да кәсіпорын қызметіне тұрақты мониторинг жүргізіп, халал талаптарының сақталуын бақылауды жалғастырады.

Телефон WhatsApp