АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕН ОБЛЫСЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

08.06.2026

Алматы

64

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕН ОБЛЫСЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Халал Даму» технологтары Аблайхан Кәріпбаев пен Гүлмира Маратқызы, сондай-ақ жергілікті өкіл Терлікбаев Өміржан Алматы қаласы мен Алматы облысында бақылау-қадағалау және аудит жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында халал куәлігіне ие кәсіпорындардың өндірістік қызметі, қолданылатын шикізаттардың құрамы, өндіріс үдерістерінің халал талаптарына сәйкестігі және өнім таңбалары сараланды.

Атап айтқанда, «Adolar» шұжық өнімдері өндірісі, «SKbar» сироп өндірісі, «Öz Yurt» қоғамдық тамақтану орны және «Hangurmed» шұжық өндірісінде жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Алматы қаласында халал белгісін заңсыз пайдалану деректерінің алдын алу мақсатында мониторинг шаралары ұйымдастырылды. Нәтижесінде тандыр нан мен самса өнімдерін өндіру және сату орындарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, халал атауын заңсыз қолдану фактілерінің алдын алу бойынша тиісті ескертулер берілді.

«Халал Даму» мамандары кәсіпкерлерге халал стандарт талаптарын сақтау мен тұтынушылар сеніміне селкеу түсірмеудің маңызын түсіндіріп, алдағы уақытта да бақылау-қадағалау жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

Телефон WhatsApp