11.06.2026
Алматы
40
Алматы қаласында «Халал Даму» мекемесінің ұйымдастыруымен жоспарлы аудит және бақылау-тексеру жұмыстары жүргізілді.
Аудит барысында «Ансар Халал» кәсіпорны тексеріліп, өндірістік үдерістердің, қолданылатын шикізаттардың, дайын өнімдердің және санитарлық-гигиеналық талаптардың халал стандарттарына сәйкестігі қаралды.
Сонымен қатар, «NANDUK» және «Donerzade» қоғамдық тамақтану желілерінің Алматы қаласындағы барлық нүктелерінде тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында өнімдердің құрамы, жеткізуші құжаттары, сақтау шарттары, өндірістік және асүй процестері зерделеніп, халал талаптарының сақталу деңгейіне мониторинг жасалды.
«Халал Даму» мамандары тарапынан кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бірқатар ұсыныстар берілді. Мұндай аудит жұмыстары халал өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыруға, тұтынушылар сенімін нығайтуға және халал индустриясының дамуына оң ықпал етеді.
Алматы қаласындағы жоспарлы аудит жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.