ҚАРАҒАНДЫДА «ХАЛАЛ – ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ.
Жаңалықтар

12.06.2026

Қарағанды

48

ҚАРАҒАНДЫДА «ХАЛАЛ – ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ.

Қарағанды қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Халал – шариғат талабы» атты имамдарға арналған семинар өтті.

Іс-шара барысында халал индустриясының қазіргі ахуалы, халал өнімдерге қойылатын шариғи талаптар, сертификаттау және кәсіпорындармен жұмыс жүргізу мәселелері жан-жақты талқыланды. Семинарға өңір имамдары мен жауапты мамандар қатысты.

Кездесу соңында «Халал Даму» ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлы халал талаптарына сәйкестігі расталған бірқатар кәсіпорындарға халал куәліктерін табыстады.

Семинар қатысушылары халал саласын дамыту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, өзара тәжірибе алмасты.

Телефон WhatsApp