18.06.2026
Ақтөбе
30
Ақтөбе облысында орналасқан ЖШС «Айс-Плюс» сүт фабрикасында жоспарлы тексеру жұмыстары өтті. Тексеруді Ақтөбе облысы бойынша жергілікті технолог маманы Ақмаржан Ержанқызы жүргізді. Аудит барысында өндірістік үдерістер, қолданылатын шикізаттар мен технологиялық талаптардың сақталуы зерделенді. Тексеру нәтижесі оң деп бағаланды.
Сонымен қатар, ЖШС «Ramazan Elevator» және ЖШС «Ramazan Nan» ұн өндірісі кәсіпорындарында да тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында өндіріс орындарының халал талаптарына сәйкестігі қарастырылып, өндірістік бақылау жүйелері мен құжаттамалары сараланды.
Аталған тексерулер халал стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету және тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сапасын бақылау мақсатында жүргізілді. Нәтижесінде кәсіпорындардың қызметі белгіленген талаптарға сәйкес екендігі анықталды.