АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

25.06.2026

Алматы

15

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алматы қаласында орналасқан бірқатар кәсіпорындарда жоспарлы тексеріс жүргізілді, атап айтқанда, ЖШС “Nauryz Food”, ЖШС “Бомонд Групп”, ЖШС “A Doner”, ЖШС “Burger na Abaya”, ЖШС “Qazaq Guys” және ЖШС “Global Halal Food” кәсіпорындарының өндірістік процестері мен халал талаптарының сақталу деңгейі бақылаудан өтті.

Тексеру барысында шикізаттардың шығу тегі, өндірістік үдерістердің халал стандарттарына сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы және қажетті құжаттамалар қарастырылды.

Жоспарлы тексеріске «Халал Даму» мамандары Терлікбаев Өмиржан, Гүлмира Маратқызы және Есіркеген Жансая қатысты.

Мұндай бақылау шаралары халал талаптарын сақтау деңгейін арттыруға және тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сапасы мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Телефон WhatsApp