30.06.2026
Алматы
77
Алматы қаласындағы ИП «CHUNKY COOKIES» және «Ансар» ЖШС халал стандарттарының талаптарына сәйкестігін растау нәтижесінде «QMDB HALAL» куәлігін алды.
Куәлік беру алдында кәсіпорындарда өндіріс үдерісі, қолданылатын шикізаттың халал талаптарына сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы және ішкі өндірістік бақылау жүйесі жан-жақты зерделенді. Сараптама қорытындысы бойынша аталған кәсіпорындардың қызметі «QMDB HALAL» стандартының талаптарына сәйкес деп танылды.
«QMDB HALAL» куәлігі – кәсіпорынның халал талаптарын сақтай отырып, өнім өндіру мен қызмет көрсетуге деген жауапкершілігін айқындайтын сенім белгісі.