03.07.2026
Шымкент
72
Шымкент қаласында «QMDB HALAL» стандарты бойынша бірқатар кәсіпорындардың халал куәліктері қайта жаңартылып, жаңа кәсіпорынға халал куәлігі табысталды.
Атап айтқанда, «Мизам» дәмханасы, «Class Нагетсы» өндіріс орны және «Jam Bakery» кондитерлік цехы халал куәліктерін сәтті түрде қайта жаңартты.
Сонымен қатар, «Вкусно» кондитерлік цехы «QMDB HALAL» халал куәлігін алғаш рет иеленді.
«QMDB HALAL» стандартына сәйкес берілетін халал куәлігі кәсіпорын өнімдерінің және өндіріс процесінің шариғат талаптары мен халал стандарттарына сай екенін растайды. Халал талаптарының тұрақты сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындарда жоспарлы бақылау және мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.