ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

14.07.2026

Түркістан

68

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» мекемесінің мамандары Түркістан қаласында орналасқан бірқатар кәсіпорындарда жоспарлы бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, «Тандыр», «Айжамал тәттілері», «Каусар», «Донер на Арғынбекова», «Дорба Hall», «Дорба» қоғамдық тамақтану орындары мен «Magnum» сауда желісінде халал талаптарының сақталуына мониторинг жасалды.

Тексеру барысында өндіріс процесі, қолданылатын шикізаттардың халал талаптарына сәйкестігі, сақтау жағдайлары, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы және құжаттамалар зерделенді.

«Халал Даму» мекемесі алдағы уақытта да халал стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде жоспарлы бақылау-тексеру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырады.

Телефон WhatsApp