16.07.2026
Шымкент
89
Шымкент қаласында жаңадан QMDB HALAL куәлігін алуға өтініш берген кәсіпорындар мен қаладағы куәлік иеленген кәсіпорындарда жоспарлы бақылау-тексеру жұмыстары жалғасуда.
Тексеру барысында кәсіпорындардың өндірістік және қызмет көрсету процестері, қолданылатын шикізат пен өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі, құжаттамалары, технологиялық талаптардың сақталуы қаралды.
Атап айтқанда, «Донер на Абая», «Бургер на Абая», «The Papa» цехы, «Magnum» сауда желісі және «Морокко» кофеханасында тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру жұмыстарының негізгі мақсаты – кәсіпорындардағы халал талаптарының сақталуын бақылау, тұтынушыларға ұсынылатын өнімдер мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету.
Жоспарлы бақылау жұмыстары Шымкент қаласы бойынша технолог Аружан Аралбайдың қатысуымен жүргізілді.