27.07.2026
Ақтөбе
15
Ақтөбе облысы, Қобда ауданында «Қобда ет» ет дүкеніне және «Асыл-Ай» «Фабрика вкуса» жартылай дайын өнімдер өндірісіне «QMDB HALAL» куәліктері табысталды.
Кәсіпорындарға куәліктерді табыстау барысында халал талаптарын сақтау, өнім сапасы мен өндірістегі тазалықтың маңыздылығы атап өтілді.
«Халал Даму» орталығы кәсіпкерлерге халал стандарттарын сақтау бағытында әдістемелік қолдау көрсетіп, тұрақты бақылау жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.