ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

27.07.2026

Шымкент

23

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласында «QMDB HALAL» куәлігі бар кәсіпорындар мен жаңадан куәлік алуға өтініш берген нысандарға жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында «ИП Нурдаулет», «ИП Агзамов» шұжық өндірісі, «Sofiya Sweet», «ТОО Фудмол» кондитерлік цехы және «EF» жартылай дайын өнімдер өндірісі қамтылды.

Тексеру жұмыстары барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, өнімдердің құрамы мен қолданылатын шикізаттары, санитарлық талаптардың сақталуы және халал стандарттарына сәйкестігі қаралды.

«Халал Даму» мамандары кәсіпкерлерге халал талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, анықталған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар берді.

Телефон WhatsApp