27.07.2026
Алматы
22
Алматы қаласында бірқатар кәсіпорындарға «QMDB HALAL» куәліктері табысталды.
Куәлік алған кәсіпорындар қатарында ЖШС «Dinole», ЖШС «Daumak», ЖК «ПИР», ЖК «Сапарбаева Еркинай», ЖК «KH Amirlan», ЖК «Everest Company», «Coffee Original» тамақтану желісі, ЖШС «Д.С.К.К», ЖК «DB meat», ЖК «Орлов Д.Б.», ЖК «Дамели», ЖШС «Nauryz Food», ЖК «Naima», ЖК «Қайысова Л.Қ.» және ЖШС «PRO Meat» бар.
Кәсіпорындарға «QMDB HALAL» куәліктерін Алматы қаласы бойынша «Халал Даму» жергілікті өкілі Өміржан Терлікбаев табыстады.
Куәліктерді табыстау барысында кәсіпкерлерге халал талаптарын сақтау, өнім сапасы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.
«Халал Даму» орталығы кәсіпкерлерге халал талаптарын сақтау бағытында әдістемелік қолдау көрсетіп, кәсіпорындардың талаптарға сәйкестігін бақылау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.