28.07.2026
Тараз
23
ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Жамбыл облысы бойынша технологы Аймекен Амангелдіқызының қатысуымен Тараз қаласында орналасқан «QMDB HALAL» куәлігіне ие кәсіпорындарда жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында ЖШС «Ritm Day» – Ritm Day дәмханасы, ЖК «Каигам» – Апа Doner дәмханасы, ЖК «Дәметіллаев Н.» – Ата Doner дәмханасы, ЖШС «Tary Taraz» – Tary дәмханасы, сондай-ақ ЖШС «Abayas» қарасты Abayas және Chef Star дәмханаларындағы өндірістік және технологиялық үдерістердің «QMDB HALAL» стандарты талаптарына сәйкестігі тексерілді.
Тексеру барысында халал талаптарының сақталуы, қолданылатын шикізаттардың сәйкестігі, өндірістік үдерістер мен санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы бақылауға алынып, кәсіпорын өкілдеріне тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.