АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА «QMDB HALAL» КУӘЛІГІ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛЫП, ЖАҢА КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

30.07.2026

Ақтөбе

78

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА «QMDB HALAL» КУӘЛІГІ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛЫП, ЖАҢА КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

«QMDB HALAL» стандарты бойынша куәліктің қолданылу мерзіміне сәйкес «Maki Maki» және «Maxipro» ашытылған сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорынның халал куәлігі қайта жаңартылды.

Куәлікті қайта жаңарту барысында өндіріс орнына жоспарлы тексеру жүргізіліп, өндірістік үдерістер, пайдаланылатын шикізат пен қосалқы материалдар, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы және халал стандартының талаптарына сәйкестігі жан-жақты сараланды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынның өндірістік қызметі «QMDB HALAL» талаптарына сәйкес деп танылып, халал куәлігінің қолданылу мерзімі қайта ұзартылды.

Сонымен қатар, ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша технолог маманы Ақмаржан Ержанқызы Ақтөбе облысы, Хромтау қаласындағы «Асық», «Сыбаға» ет дүкендеріне жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында аталған кәсіпорындардың халал талаптарын сақтау деңгейі бағаланып, өндірістік және сауда үдерістері зерделенді.

Сондай-ақ, Хромтау қаласындағы «Алан» ет дүкеніне «QMDB HALAL» куәлігі табысталды.

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесі халал өнім өндіруші кәсіпорындар мен қызмет көрсету орындарының жұмысын тұрақты бақылауда ұстап, тұтынушыларға сенімді әрі сапалы халал өнім мен қызмет ұсыну бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді.

Телефон WhatsApp