МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

30.07.2026

Маңғыстау облысы

52

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚМДБ-ның «Халал Даму» мекемесі Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің технологы өңірдегі «QMDB HALAL» куәлігіне ие кәсіпорындарда жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында өндіріс орындарында халал талаптарының сақталуы, өндірістік үдерістер, пайдаланылатын шикізат пен қосымша ингредиенттердің сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық жағдай, сондай-ақ құжаттамалардың талапқа сай жүргізілуі жан-жақты зерделенді.

Бақылау жұмыстарының нәтижесінде кәсіпорындарға халал стандарты талаптарын тұрақты сақтау, өндірістік тәртіпті жетілдіру және сапаны одан әрі арттыру бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесі тұтынушыларға ұсынылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің халал талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында өңірлердегі жоспарлы бақылау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді.

Телефон WhatsApp