МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ СҮТ ЗАУЫТТАРЫНЫҢ «QMDB HALAL» КУӘЛІКТЕРІ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Жаңалықтар

31.07.2026

Маңғыстау облысы

177

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ СҮТ ЗАУЫТТАРЫНЫҢ «QMDB HALAL» КУӘЛІКТЕРІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің «QMDB HALAL» стандарты бойынша Маңғыстау облысындағы бірқатар сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың халал куәліктері қайта жаңартылды.

Атап айтқанда, Ақтау қаласында орналасқан «Dekmy» сүт зауыты мен Бейнеу ауданындағы «Adil sut onimderi» сүт өнімдері өндірісі халал талаптарына сәйкестігін тағы бір мәрте растап, «QMDB HALAL» куәліктерінің қолданылу мерзімін ұзартты. Кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, пайдаланылатын шикізаттары, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы және ішкі өндірістік бақылау жүйесі жан-жақты тексеріліп, халал стандарты талаптарына толық сәйкес келетіні анықталды.

«QMDB HALAL» куәлігінің қайта жаңартылуы – кәсіпорындардың өнім сапасына, қауіпсіздігіне және халал талаптарын тұрақты сақтауға деген жауапкершілігінің айқын көрінісі. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың сенімін арттырып, өңірде халал өндірісінің дамуына оң ықпал етеді.

Телефон WhatsApp