АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

05.08.2026

Алматы

41

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«QMDB HALAL» стандарты аясында Алматы қаласы мен Алматы облысындағы бірқатар кәсіпорындарда жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, ЖШС «Первомайские деликатесы», ЖК «Орлов», ЖК «Бекенова», ЖК «Жумадилова» және ЖШС «Dream Product» өндіріс орындарының халал талаптарын сақтау деңгейі зерделеніп, өндірістік үдерістерге бақылау жасалды.

Тексеріс барысында шикізаттың шығу тегі, өндіріс технологиясы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы және «QMDB HALAL» стандартының өзге де талаптарына сәйкестігі қарастырылды.

«Халал Даму» мамандары алдағы уақытта да халал талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы бақылау жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырады.

Телефон WhatsApp