13.08.2026
Қарағанды
86
ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің технологы Әселхан Сәбитқызы өңірдегі «Халал Даму» куәлігіне ие кәсіпорындардың жұмысына жоспарлы бақылау-тексеру жүргізді.
Тексеру барысында кәсіпорындардағы халал талаптарының сақталуы, өнімдердің құжаттары, шикізаттың шығу тегі және өндірістік процестердің талаптарға сәйкестігі қаралды.
Тексеру жұмыстары «Bene Food» фаст-фуд, «Asyl Sushi Karagandy», «Asyl Sushi Abai», «Asyl Sushi Shahtinsk», «Saran Food», «Durum», «Huni Brunch» (Гоголь көшесі), «Like Park», «Bauyrdaq» және «Doner Clab» кәсіпорындарында жүргізілді.
Тексеру барысында анықталған мәселелер бойынша кәсіпорын өкілдеріне тиісті түсіндірмелер беріліп, халал талаптарын сақтау бойынша ұсыныстар айтылды.
«Халал Даму» мамандары тарапынан кәсіпорындарда халал стандарттарының сақталуына бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.